Мұғалім ретінде мектепке жұмысқа қалай орналасу керек? Сізге мұғалім болып жұмысқа орналасу үшін сіздерге педагогінің бос немесе уақытша бос лауазымы конкурсына қатысу қажет. Толық ақпаратпен видеоны көріп таныса аласыздар.
Бп " Британ және америкалық акцент: Айырмашылығы мен шығу тарихының пайдасы бар деп есептейді" 2023 жылы ұйымдастырылған мектепішілік "Welcome to the World of English" Ағылшын тілі апталығының аясында Британ және американдық акцент : "Айырмашылығы мен шығу тарихы" пікірсайыс додасы! 7 сынып оқушылары арасында өтті .
Мектепішілік спорттық секциялар мен үйірмелердің жұмысын жандандыру мақсатында 28 қаңтар күні 1-9 сыныптар оқушылары арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа мектеп оқушылары белсене қатысты.
Астана қаласы №25 орта мектебінде ақпан айының 2 жұлдызында тәрбие жұмысының аясында «Кездесу» бағыты бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Астана қаласының кикбоксингтен аға жаттықтырушысы Талип Фахрутдиновпен кездесті. Т.Фахрутдинов өз шәкірті кикбоксингінен үш чемпионат белбеуінің иегері Әлихан Оздоевтың жеткен жетістіктерімен бөлісті.Оқушыларды кикбоксинг спорт түрінің қыр-сырларымен таныстырып,болашақта спорт шебері болуға шақырды.
2-Ғ сыныбында "Тәуелсіздік-тұғырым"атты тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту, ел тарихына шолу жасай отырып, Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін таныстырып, білімдерін тереңдету. Өткізген: Умирзахова Кызмарал Нурлыбековна
2022 жылдың 30 қараша күні 9 сыныптар арасында мектеп психологтары Журавлева Л.В,Рыскулова Г.С«Әрдайым сенімен бірге болатын гендер: гендерлік стереотиптер,теңсіздік» тақырыбында тренинг өткізді. Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет»акциясы аясында өткізілген іс-шарада оқушылар зорлық-зомбылықтың түрлерімен танысып,өз ойларымен бөлісті.
21-25 қараша күні Жаратылыстану әдістеме орталығының ұйымдастыруымен "Білімді ұрпақ-ел болашағы" атты ғылым апталығы өтті. Апталық соңында белсене қатысқан оқушыларға МАДАҚТАМА беріліп, марапаттады.