2022 жылдың 2 желтоқсан күні мектеп психологтары Журавлева Л.В,Рыскулова Г.С «Балалардың құқықтарын қорғау», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында 9 сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
2022 жылдың 28 қараша күні "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» акция барысында мектебімізде 5-11 сыныптар үшін бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар сынып сағатына белсене қатысты.
Жизнь - сложная штука, где хитро перемешаны добро и зло, честь и предательство, гуманность и жестокость, насилие и любовь. Сегодня, классный руководитель 7Б класса Эльмира Канатовна на классном часу «Детство без жестокости и насилия» раскрыла многие понятия и наметила ориентиры, которые помогут ученикам разграничивать данные понятия и выбрать правильную дорогу в жизни. В жизни не бывает идеальных людей. В каждом из нас есть светлая сторона - добро и темная сторона - зло. «Чтобы поверить в добро, надо начать его делать» - это слова Льва Николаевича Толстого. Сделав
Бүгін Астана қаласы N25 орта мектебіміздің «ЖАС САРБАЗ» әскери-спорт сыныптарының құрылғанына 20 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында керемет іс-шара өтті. Мақсаты: Әлеуметтік патриоттық тәрбие мен интеллектуалдық, рухани, моральдық және физикалық даму процесінде оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру. Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс - шараға білім басқармасының құрметті қонақтары, Ұлттық Ұлан басқармасының өкілдері, кадет сыныптарының құрылтайшылары, ата-аналар,
26.10. Астана қаласы Жастар сарайында"Ashyq nıet"атты Республикалық балалар форумы болып өтті. Мұнда Республиканың түрлі қалаларынан келген 12 спикер экология және жас ұрпақтың денсаулығы, цифрландыру бойынша өз жоба жұмыстарын қорғады. Ashyq niet балалар форумының мақсаты – үлкен алаңда балалар мен ересектерді ұштастыру. Форум барысында Астана, Тараз, Шымкент, Петропавлдан келген 12-ден 18- жасқа дейінгі оқушылар түрлі тақырыпта әзірленген баяндамаларын жасады. Жалпы, форумға 300 баяндама келіп түскен.
Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күндік мерзімде (а.ж. 22 қарашасынан кешіктірмей) жеткізіледі. Сайлау қорытындыларын белгілеуге және жариялауға, сайланған Президентті тіркеу Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде көзделген.
Халық қаһарманы КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, режиссер Әзірбайжан Мадиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "TEATPALL" ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНІҢ спектакльдері болды. Мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары Жастар театрына барып, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай “Қаракөз” спектаклін тамашалады. Абай атындағы Абай облыстық Семейдің мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының актерлері қатысты. Оқушылар керемет әсер алды.
Республика күні – азаттығымызға жол ашылған айтулы күн. Дәл осы күні 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендік туралы декларациясы жарияланып, мемлекетіміздің тәуелсіздігі айқындалды. Бұл – қазақ халқы тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Сонысымен де аса қастерлі мереке. Республика күні құтты болсын!