24-25 тамызда Астанада «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбы аясында «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті
Оған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, білім беру саласындағы сарапшылар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру саласындағы қоғам қайраткерлері қатысты.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық тамыз кеңесінің екі күнге жалғасатынын айтып, маңызына тоқталып өтті.