Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны ерекше. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектебімізде «Армысың, Әз Наурыз» атты іс-шара өтті. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді дәріптеуде әдістеме бірлестік ұстаздары өз өнерлерін паш етті.
Бүгін-15 Желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай “Менің мақтанышым-Тәуелсіздік!” сынып сағаты өтті. 91 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңын қабылдады. Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда. Ал ауқымды экономикалық және саяси реформалар еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруда.
Ата-аналарға арналған бірыңғай ашық есік күніне шақырамыз! Тақырыбы: Ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру Әлеуметтік педагог, педагог-психологиялық ұсынысы Ұстаздан кеңес “Әкелер”, “Аналар”, “Аталар мен Әжелер” мектебінің жұмысы
24-25 тамызда Астанада «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбы аясында «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті