«Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар» атты тақырыпта коучинг өтті
Нұр-Сұлтан қаласы №25 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар» атты тақырыпта коучинг өтті. Коучингте оқушылардың оқуына әсер ететін факторларға талдау жасалды. Түрлі тапсырмалар берілді. Топта бірлесе отырып, мұғалімдер белсенді жұмыс жасады. Қорытындылай келе, оқушылардың түрлі сипатын ескере отырып оқытуды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру ұсынылды.