Шадыман шаттығын жетелеп Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні — жайма шуақ Наурыз биыл да табалдырығымыздан аттады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Бұл күнi №25 мектебінде оқушыларымызда өз өнерлерін көрсетіп, өз алдына думан жасап, ұстаздарымызды мерекелiк концертiмен баурап алды.Наурыз мерекесінде әрбір әдістеме бірлестігі ауылдарға бөлініп өздерінің дайындап келген қазақтың салт – дәстүрлерін құрып барлық көрермендерді тәнті етті.#ns_bilim_22mart