Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1643946471

Астана қаласы әкімдігінің "№25 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ

 



  • kz
  • ru
  •  

    Ата-аналарға

     

    Ата-аналармен ынтымақтастық

    Мектепте өткізілетін көптеген іс-шараларды оқушылардың ата аналарымен бірлесе отырып өткізу дәстүрге айналған. Ата-аналар мектептің тәрбие үрдісіне белсене қатысады және мектеп миссиясын орындауда педагогикалық ұжымға көмектеседі. 2024 жылдың  бастауын алған «Даналық мектебі» жобасы негізінде мектеп ата-аналарымен бірлескен жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Жобаны жүзеге асыру аясында ата- аналардан құралған “Әкелер” мектебі, “Аналар” мектебі еріктілер тобы оқушыларға тамақ дайындау, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттарын және дәрістер мен әңгімелесу сағаттарын, спорттық-сауықтыру шараларын өткізеді.

                                Ата-аналармен байланыс

    Баланы мектепке қабылдау барысында ата-аналар өтініште өздерінің мекен-жайы, электронды поштасы, жұмыс, үй және ұялы телефондары жөнінде ақпарат береді. Байланыс деректері өзгерген жағдайда ата-аналар бірден сынып жетекшісіне хабарлайды. Мектепте білім алушының ата- аналарына арналған ашық есік күндері ай сайын өткізіледі. Мектепте “Ата-аналарды” қолдау орталығы айдың соңғы аптасының бейсенбі, жұма күндерінде жұмыстар өткізеді.

                                         Ата-аналар  жиналысы

                 Ата-аналар жиналысы жалпы мектепішілік, сыныптық және «Бетпе бет» түрінде өткізіледі. Аталмыш жиналыстар кестеге сәйкес ата-ана мен мұғалім арасында оқушының қызығушылығы мен жетістіктері жөнінде жеке әңгімелесу бағытында жүргізіледі. Мектеп ата-аналарға жиналыстың өтетіндігі жөнінде ақпаратты 7 күн бұрын әлеуметтік желілерде хабарлайды.

    Ата-аналар  комитеті

    Ата-аналар комитеті әрбір сыныптың өкілінен құралады. Ата- аналар комитеті басқару ұйымының бір түрі болып табылады. Ата-аналар комитетінің басты міндеті – мектептің әкімшілігіне және оқытушылар құрамына оқу-тәрбие және мәдени-ағарту жұмыстарына көмек көрсету.

    Ата-аналар  жауапкершілігі

    Мектеп «Академиялық адалдық саясатын» жүзеге асырады. Ата-аналар аталмыш саясаттың Ережелерімен танысып, оқушылар оны бұзған жағдайда ата-аналар жауапкершілікке тартылады. Оқушыларға мектепке 5 АЕК-дан асатын қымбат бұйымдарды (электронды және ұялы аппараттар, фото және бейнекамералар, әшекей бұйымдар, ірі ақшалар және т.б.) әкелулеріне тыйым салынады. Мектеп қымбат бұйымдар жоғалған жағдайда өз жауапкершілігіне алмайды. Оқушы сабақтан қалған жағдайда ата-аналар сынып жетекшілеріне алдын-ала хабарлап айтуы тиіс. Егер оқушы денсаулық жағдайына байланысты 3 күнге дейін сабақ қалдыратын болса, ата-аналары түсініктеме жазады, ал сабақты 3 күннен аса уақыт қалдырған жағдайда, оқушы медициналық анықтама немесе сабаққа келмеу себебін дәлелдейтін құжат ұсынуы тиіс. Мектептен тыс уақытта балаларының өмірі мен денсаулығына ата-аналар жауапты. «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің» 442-бабының 2-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірім заңды өкілінсіз түнгі сағат 22.00-ден таңертеңгі сағат 6.00-ге дейін үйден тыс жерлерде жүрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған шараға тартылады. Ата-ана құқықтары мен міндеттерін сенімхат бойынша беруге БОЛМАЙДЫ. Ата-ана міндеттерін орындаудан ата-ана құқықтарынан айырылған кезде ғана сот шеттетеді.

     

     

    Рухани жаңғыру